Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте халықаралық рейстер жанданатын болады

Шымкентте халықаралық рейстер жанданатын болады

Бұл туралы бүгін FlyArystan әуе компаниясы және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді. Еліміздегі жетекші лоукостері – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстерді жандандыратыны туралы атап өтті.
—Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады. Сондықтан басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастырудамыз . Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттарды қалпына келтіру, сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай отырып, біз қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береміз, — деді FlyArystan компаниясының сату бөлімінің менеджері Дәуір Еркінұлы.
Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар брифингте шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алатындығын, рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет сейсенбі және сәрсенбі күндері орындалатындығын атап өтті.
Ал, ішкі рейстер қатарында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары болса, Халықаралық рейстер бойынша Дубай, Стамбұл, Пхукет, Медина қалаларына Шымкенттен тікелей ұшуға болады. Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына 9 айдың ішінде 311 895 адам келген. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 238 197 адамды құраған болатын. Алматы, Астана және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдер мен қалалардан іскерлік, жеке және кәсіптік мақсатта Шымкентке келушілер саны басым. Аталған басқарма биыл туристер санын 400 мыңға жеткізуді жоспарлаған. Бұл ретте, сыртқы байланысты жандандырып, Шымкенттің туристік танымдылығын арттыру мақсатында биылға жоспарланған БАӘ-нің Бас консулдығының ашылуы, Литваның Каунас қаласымен бауырлас қарым-қатынас орнатуы да ықпал етпек.

Пікір жазу