Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте «Рухты елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында ерлік сабағы өтті

Шымкентте «Рухты елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында ерлік сабағы өтті

Шымкент қаласында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Атап айтатын болсақ, Шымкент қаласы №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен «Рухты елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында ерлік сабағы өтті.

Аталған кездесуге Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық “Жас ұлан” мектеп бастығының орынбасары подполковник Медғат Мадрахимов, әскери журналист Мәдина Махамбетқызы және де ұландар мен сарбаздар қатысты. Ерлік сабағының мақсаты – жастарымыздың бойындағы адами құндылықтарды бағалау, ел алдындағы азаматтық парызын сезіну, отан үшін қандайда болмасын тәуекелге бара білу секілді рухани — патриоттық құндылықтарын жетілдіру. Жиын барысында әскерилер өздерінің осы әскери қызметте жүріп басынан кешкен қызықты оқиғаларын бөлісіп, мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, әскери өмірдің тыныс-тіршілігі, ондағы өзекті мәселелер ашық талқыланды. Болашақ сарбаздарды елінің нағыз патриоты болуға шақырды. «Бүгінгі мектеп оқушыларымен өткен кездесу – өзіндік маңызы бар деп ойлаймын.

Себебі, жастарға жігер, қайрат беретін осындай шаралар ертеңгі елдің қорғаушыларына терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Осындай шараны ұйымдастырған қорғаныс саласының басшылығына алғысымыз шексіз, болашақта осы мектептен түлеп шыққан көптеген отан қорғаушылар болатынына сенімдімін», — дейді мектеп директоры Жанар Саржанова. Айта кетейік, ерлікке бағдар болған сабақ барысында оқушылар ойларында қордаланып жүрген маңызды сауалдарға мардымды жауап ала алды.

Пікір жазу