Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Кәсіподақ филиалы есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстарын жариялады

Шымкент: Кәсіподақ филиалы есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстарын жариялады

Кәсіподақтың ең негізгі жұмысы — бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу болып саналады.
Осыған байланысты филиал құрамына кәсіподақ ұйымдарын кіргізу және мүшелікке тарту бойынша:
— 2020 жылы 7 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 230 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2021 жылы 18 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 623 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2022 жылы 11 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 924 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2023 жылы есепті мерзімде 8 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 704 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Жалпы 2020-2023 жылдар аралығында 44 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, оған жалпы 2481 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
2022 жылы филиал құрамына жалпы 49 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіріп, оларда жұмыс жасайтын жалпы 3249 адамынан кәсіподақ мүшелігіне 2978-і немесе 91,7%-сі кәсіподақ мүшелігіне тартылған болса, ал 2023 жылдың 17 мамырында 54 бастауыш кәсіподақ ұйымы болып, оларда жұмыс жасайтын жалпы 3700 адамынан 3470-і немесе 94,0%-і кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Ұжымдық шарт жасасу бойынша
Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі — еңбек қатынастарын реттеу кезінде айрықша көрініс табады. Бұл ретте Еңбек Кодексінің 156,157,158 баптары бойынша ұжымдық шарт жасалып, 159,160,161 баптары бойынша келісу комиссиясы және 203 бап бойынша өндірістік кеңес құрылған.
Осыған сәйкес филиалдың құрамындағы 54 мекеменің барлығында немесе 100% 5 жылға, яғни 2022-2026, 2023-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалған және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.
Оның ішінде, жасалған ұжымдық шарттар саны 54 болса, оның 46-ы мерзімі ұзартылған және 8-і жаңадан жасалған.
Филиал құрамындағы мекемелерде жазатайым оқиғалары орын алмаған, жарақат алғандар жоқ және жұмыскерлер алдындағы жалақы қарыздары жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленіс туу мүмкін мекемелер жоқ.
Филиал ережесіне сәйкес, 7 адамнан тұратын Атқару Комитетінің мүшелері сайланып, жұмыс жасауда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 20, ал 2023 жылы 3-рет Атқару Комитетінің отырысы өткізілген.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Үш жақты комиссиясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің, Шымкент қаласының Тұрғын үй комиссиясының, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы екі қоғамдық кеңесінің: біріншісі — Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің және екіншісі — Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің мүшелері ретінде кеңестер мен комиссиялар отырыстарына қатысып, мәселелердің жүзеге асырылуына ықпал жасалуда.
«Қалың қалай бастауыш ұйымы?» атты акциясы
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қалалық филиалымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 56 кездесу өткізіліп, оған 2804 адам қамтылды. Биылғы жылы ол жалғасын табуда. Жалпы өткізілген кездесу, дөңгелек үстел, акция, семинар-кеңес, форум, іс-шара саны – 152.
Кездесу кезінде кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, еңбек қатынастары және еңбек қауіпсізігін сақтау, ұжымдық шартты қабылдаудың маңыздылығы, әлеуметтік қолдау, материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру, т.б. мәселерді қамти отырып, кәсіподақ қозғалысына еңбегі сіңген кәсіподақ мүшелеріне түрлі дәрежедегі наградалар табысталған.
Жалпы 215 (7,2%) адамға моралдық және материалдық ынталандыру жасалған, атап айтқанда, жалпы 182 адамға, оның ішінде ҚРКФ наградасы 2 адамға, «Қызмет» салалық кәсіподағының наградасы 14 адамға, филиалдың наградасы 147 адамға, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің наградасы 10 адамға және Шымкент қалалық маслихатының наградасы 9 адамға тапсырылып, 33 адамға заттай және қаржылай сыйлықтар берілді.
Шипажайға жеңілдікпен 11 жолдама берілген, оның 1-уі биылға.
Оның жалғасы ретінде 17 мамыр күні өткен атқару комитетінің кеңейтілген отырысында 30 адамға марапаттар мен сыйлықтар табысталған.
БАҚ-тарда еңбек қатынастары және кәсіподақ жұмыстары жөнінде өткен жылы жалпы 255 материалы жарияланған. Оның ішінде: «Еңбек адамы» туралы – 10, кездесулер, шалар, тағы басқалары — 245. Ал, биылғы жылы 25 материал жарық көрген.
2022 жылдың және 2023 жылдың есепті мерзіміне бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішінен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атағына лайықты екендігін дәлелдеп отыр.
Ол үздік номинация «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінде табысталатын болады.

Пікір жазу