Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Іс-шара мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің далалық көрме таныстырылымымен бастау алды.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов көпшілікті мерекемен құттықтап, шаһарда мәдениет саласында оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
— Мегаполис аз уақыттың ішінде мәдениет пен руханияттың ордасына айналды. Қала халқының мәдениетін көтеру бағытында көптеген мәдениет ошақтарын қайта жаңғырттық. Көне де жаңа шаһардың рухани мәдениетін көтеруде, тың идеяларды жүзеге асыруда сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Басқармаға қарасты 21 мекемеде 2000-ға жуық маман жаңа жобалары арқылы ұлттың рухани-ағартушылық және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге бар күш-жігерін жұмсап келеді, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Қуаныш Жұмабекұлы салаға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен және Алғыс хатымен марапаттады.
Жиында көпшілікке «Оркестрлер шеруі» музыкалық композициясы тарту етілді. Сондай-ақ, «Мәдениетім — мерейім» қаламыздың мәдени-рухани даму бағытына арналған деректі фильм ұсынылды.
Концертте «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы Қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Жамбыл Мейірбеков, Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің дирижері Мәди Өмірзақ, «Шымкент Цирк» мекемесінің эстрадалық оркестрі көркемдік жетекшісі және дирижері Жандос Аппазов, солистер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Қазақстан мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, эстрадалық оркестр әншісі Диана Хашимханова өнер көрсетті. Айта кетейік, 2023-2024 жылдар аралығында Абай ауданын төрт мәдени нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда.

Пікір жазу