Шымкент қаласының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында, оларды жою бойынша іс-шаралары жоспарланды.
Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада (3 адамнан, жалпы саны 18 жұмыскер) жұмылдырылды.
Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 17 сәуірінен басталды. Бүгінгі таңда кенеге қарсы 92 300 бас ірі қара мал бүркіліп, 84 000 бас уақ мал тоғытылды.
Ал 1 779 198 ш.м қора-жайлармен оларға жапсарлас аумақтар, 375 750 ш.м. буферлік аумақтар, 614 014 ш.м. саябақтар, гүлзарлармен аллеялар аумағы залалсыздандырылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында КҚГҚ індеті бойынша елді мекендерде зоолого-паразитологиялық барлау жүргізілді. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Түркістан облысы бойынша филиалымен Шымкент қаласы елді-мекендерінде зоолого-паразитологиялық барлау жүргізілді. Нәтижесінде 2 850 иксод кенелері жиналып, барлығынан КҚГҚ негізгі тасымалдаушысы табылған.
Ретроспективтік анализге және 2023 жылдың көктемгі ауа райының жағдайына сәйкес зоолого – паразитологиялық барлау, фенологиялық бақылау нәтижесінде кенелердің белсенділігі наурыз айының алғашқы күндерінде басталғанымен, наурыз айының соңғы күндерінде кенелердің жаппай биологиялық белсенділігі күтілген.
Осыған байланысты КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын наурыз айының 20-нан бастау туралы ұсыныс берілген болатын.