Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІКТЕР «BALASHYM» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР «BALASHYM» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтіп жатыр.
Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады.
–Бүгінгі фестивалге 530-дан аса бала қатысып отыр. Бұл балалар – мемлекеттен жан басына қаржаландыратын бағдарлама аясында қосымша білім беру мекемелерінің үйірмелерінде шыңдалып жүрген оқушылар. Сонымен қатар қаладағы театрлар мен мәдениет мекемелері де өз сахналық нөмірлерін дайындап, көрермен назарына ұсынуда. Мұндай іс-шаралар балалардың белсенді, көшбасшы болуына септігін тигізеді, өнерге, шығармашылыққа баулиды. Балалар –біздің болашағымыз, оларды дұрыс жолға бағыттау – әрбірімізге парыз. Сондықтан да мәдени іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі мереке балаларға керемет көңіл-күй сыйлап жатыр деп ойлаймын, – деді қалалық мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.
Мереке Шымкент қалалық және қуыршақ және жасөспірімдер театры әзірлеген «Қуыршақтар шеруімен», Шымкент қалалық зообағында жалғасын тапты.
Айта кетейік, бүгін Шымкентте жас өрендер мен балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін бірқатар салтанатты шаралар шеруі өтуде. «1 маусым – Халықаралық балалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды шәкірттердің жетістіктері үшін алғыс білдірді. Көрмеге қала аумағындағы 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін көрсетті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдар жас буынның әсіресе, робототехникаға деген қызығушылығын арттырып отырғаны байқалды. Шымкент шәкірттерінің жетістіктерін паш еткен көрме үздіктер мен белсенді оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір жазу