Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №162 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1 театрға, 1 кітапханаға, 1 колледжге және 13 мектепке жаңа атау берілді. Солардың арасында есімдері ескерілген:
Сұраншы батырдың – Сайрам ауданындағы №97 жалпы орта мектебіне;
Толыбай батырдың – Сарыағаш ауданындағы №141 жалпы орта мектебіне;
Абдраш Назарбековтің – Шымкент қаласындағы №87 жалпы орта мектебіне;
Расул Исетовтің – Түркістан қаласындағы №20 жалпы орта мектебіне;
Нәзір Төреқұловтың – Мақтарал ауданындағы №121 жалпы орта мектебіне;
Дінмұхамед Қонаевтың – Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектебіне;
Манап Өтебаевтың – Жоғарғы жаңа технологиялар колледжіне;
Сүйерхан Базарбаевтың – Сайрам ауданындағы бұрынғы №61 Г.Титов атындағы негізгі орта мектебіне;
Асанбай Асқаровтың – Түлкібас ауданындағы бұрынғы «Алғабас» жалпы орта мектебіне;
Әжімұқан Қасымбековтің – Отырар ауданындағы бұрынғы Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектебіне;
Байырбек Садықовтың – Түлкібас ауданындағы бұрынғы «Құралай» жалпы орта мектебіне;
Лашкар Тәжібаевтың – Төлеби ауданындағы бұрынғы Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебіне;
Рақымжан Қошқарбаевтың – Сарыағаш ауданындағы бұрынғы №91 М.Горький атындағы жалпы орта мектебіне;
Райымбек Сейтметовтің – Түркістан қаласының сазды-драма театрына есімдері берілді.
Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы №77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі – №77 Тұран жалпы орта мектебі, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы заңды түрде Отырар кітапханасы деп аталатын болды.
Өз тілшімізден