Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ОРНАТЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың
жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды.

Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу