Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Тұран шағынауданы кәріз жүйесіне қосылады

Шымкент: Тұран шағынауданы кәріз жүйесіне қосылады

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданы кәріз жүйесіне қосылады, деп хабарлайды didarbek.kz.

Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалады. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұдан өзге Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында да кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60%-дан 65 %-ға артатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі.

Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады. Еске сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының Бас жоспары қабылған болатын. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралған. Депутаттар мегаполистің жаңа бас жоспарын мақұлдап, дауыс берген.

Пікір жазу