Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Ауданда 5 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемелерінде 3866 оқушы спорттың    20 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, еркін күресі, грек-рим күресі, белбеу күресі,  дзюдо,  бокс,  жеңіл атлетика,  қол күресі, гир спорты,  таеквондо, тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар, асық ату, үстел теннисі, шахмат, дойбы) 15 ауылдық округтерде қамтылған.

Салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда 45 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3851 адам қатыстырылды. Оның ішінде республикалық деңгейде 2 , облыстық деңгейде 6 , аудандық деңгейде 37. Өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралар БАҚ-та және аудандық спорт бөлімі және спорт мектептерінің сайтында жарияланып отыр.

Аудан спортшылары облыс чемпионаттары, республикалық және халықаралық турнирлерде топ жарып келеді.

 

Жарыс атауы І-орын ІІ-орын ІІІ-орын
1 Түркістан облысының чемпионаты 23 36 31
2 Қазақстан Республикасының чемпионаты 26 33 6
3 Облыстық турнирлер 29 26 24
4 Республикалық турнирлер 38 58 59
5 Халықаралық турнирлер 2 16 8
6 Әлем, Азия чемпионаттыры 5 2 3
  Барлығы 123 171 131

 

Спорт саласындағы жетістіктер:

  • Румыния елінде өткен асық атудан әлем кубогының жеңімпаздары Қарабаев Алмас, Мұхамеджан Нұрланұлы.
  • Еркін күрестен жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Назарбаева Меруерт.
  • Көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Қарабек Нұрдаулет.
  • Жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Афиржан Бехруз, Төрағли Алтынбек
  • «Спорт күніне» орай, спорт қызметкерлері арасында кіші футбол мен волейболдан өткен облыстық спартакиаданың жеңімпаздары атанды.
  • 2023 жылдың 11 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасы, Хива қаласында жасөспірімдер және ересектер арасында өткен әлем чемпионатында гір көтеруден Мухаммеджан Жанәділ 68 келі салмақта, Нұртас Сағынғали 68 кг, Абдрахманов Ришат, Ташен Диас 68 кг салмақта әлем чемпионы атағын иеленді.
  • Алпамысов Бауыржан 58 келі салмақта, Усейн Рамазан 58 кг салмақта күміс жүлде иегерлері,
  • Амангелді Мөлдір 58 кг салмақта, Мамырбек Сарсеқұл 68 кг салмақта, 40-49 жас арасында Алпамысов Рустем 95 кг салмақта қола жүлдегерлері атанды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу