Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.
Бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген болатын. Бүгін сол тапсырмалардың жүзеге асу барысы баяндалды. Атап айтқанда, мал қалдықтарын ашық жерге төкпеу үшін қалдықтарды қабылдайтын орын ашылды. Алда жергілікті кәсіпкерлер оны өңдейтін кәсіпорын салуды көздеп отыр. Алда автоматты газдалған бетон шығаратын зауыт ашылмақ. Инвесторлар көмегімен жылына 20 мың тонна тонна өнім шығаратын құс фабрикасын салуды қолға алмақ.
Басқосуға 50-ге жуық ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатысты. Кездесу еркін қарым-қатынас форматында өтті. Онда бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен талқыланды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтты. Сонымен қатар шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сайрам ауданының кәсіпкерлері тәжірибе жинау үшін Қытай еліне баруды жоспарлауда. Ондағы зауыт, фабрикалардың жұмысымен таныспақ.
— Кәсіпкерлердің жеке бастамасына барынша қолдау көрсету қажет. Бұл бағытта жұмыстарға күш саламыз. Сайрам ауданында кәсіпкерліктің даму қарқыны жақсы. Осыны дамыту керек. Оған ауданда ашылатын индустриалдық аймақтың үлесі мол болмақ. Біз мемлекет пен бизнес арасында жаңа қарым-қатынас орнатуымыз керек. Бүгінгі басты міндетіміз – бизнес пен мемлекеттік аппараттың толық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Сіздердің бастамаларыңыз туралы үнемі хабардармын. Қытай сапарынан кейін өздеріңізден жақсы бастамалар күтеміз. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Кәсіп иелері электрэнергия тапшылығы жайлы сөз қозғады. Мәселені шешу жолдары қарастырылады. Кәсібін кеңейтуді көздегендер жер қарастыру жайлы сұраныс берді. Сондай-ақ маман тапшылығы мәселесін көтерген кәсіпкерлер зауыттарда инженер — механик мамандығы жетіспейтінін жеткізді. Ол үшін арнайы оқу орындарымен байланыс орнату қолға алынатын болды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Пікір жазу