Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АҚЫЛДЫ БАЛАҒА – СЫЙЛЫҚҚА АҚЫЛДЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ БАЙҚАУДЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨТТІ

«АҚЫЛДЫ БАЛАҒА – СЫЙЛЫҚҚА АҚЫЛДЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ БАЙҚАУДЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылды балаға-сыйлыққа Ақылдым» атты облыстық акция-байқаудың ауданаралық іріктеу кезеңі мәдениет үйінде өткізілді.
Байқаудың мақсаты — оқырман балаларды кіттаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру.
Байқауды «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жолшыбеков Бағдат Бақытұлы ашып, ізгі тілектерін білдірді.
Сынға түскен қатысушыларға «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы , «Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшы орынбасары Сағынтаева Жанар Қайратқызы, Жетісай аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ермекбаева Сәнім әділ қазылық етті. Байқауға 13 үміткер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынады.
1 кезеңде «Ақылдым» журналымен қалай танысқанын бейнеролик арқылы таныстырып, өздерінің идеяларын айтып өтті.
2 кезеңде «Ертегі айтып беремін» қатысушылар өздері құрастырған ғажайып ертегілерін қорғады.
3 кезеңде жетекші кітапхана қызметкерлерінің көмегімен жасаған қабырға газетін көпшілік қауымға таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша Жылы су а/о., Байқоныс ауылы филиал №5 кітапханасының оқырманы Сайлау Мейрамкүл Бас жүлдені жеңіп, облысқа жолдама ұтып алды.
I орынды Ш.Ділдәбеков а/о., Бірлік ауылы филиал №10 кітапханасының оқырманы Төреқұл Арайлым иеленді. II орынды Асықата аймақтық балалар кітапханасы филиалының оқырманы Пантай Айару және Қазыбек би а/о., Әбиболла ауылы филиал №7 кітапханасының оқырманы Өскен Нұрғиса иеленді. III орынды ауданық орталық балалар кітапханасының оқырманы Ахметқұл Сабырхан және Жаңа ауыл а/о., Ынтымақ ауылы филиал №9 кітапханасының оқырманы Базарбай Нұрсая иеленді. Байқауға қатысқан қатысушыларға Диплом, алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу