Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІЛІМ ОРДАСЫ — 105 ЖАСТА

БІЛІМ ОРДАСЫ — 105 ЖАСТА

Іргетасы 1918 жылы қаланған көне білім ордасы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі 105 жасқа толған мерейтойын өткізді. Осы мектептің түлектері бүгінде әлемнің әр бұрышында түрлі салада жемісті қызмет атқарып жүр.
Мерейтойға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қыдырбаев Талғат Алпысбайұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхиқызы Қолдасова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Ассамблеясы мүшесі, Түркістан облыстық өзбек-этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Әшірұлы Бегимов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, Түркістан облысы Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққулова Гулсара Төлебекқызы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығы «Тілдерді дамыту» бөлімінің өзбек тілін дамыту әдіскері Алиакбарова Шахноза Бабажановна, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Алибаев Раимжан, Өзбекстан Республикасы педагогика ғылымының докторы, Академик, көне білім ордасының түлегі Жамила Алимжанқызы Талипова, Түркістан қаласының құрметті азаматы, Облыстық өзбек мәдени орталығының мүшесі Даниш Манатов, Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің директоры Алтынбек Кенжалиев және басқа да қонақтар жылы лебіздерін жолдап, сый-сияпаттарын табыстады.
Сонымен қатар, педагогикалық қызметін зор абыроймен атқарып, нәтижелі еңбектерімен дараланған ұлағатты ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрінің, қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының және басқа да мекемелердің марапаттары табыс етілді.
Мерейтой мектеп оқушылары мен ұстаздарының дайындаған ауқымды концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікір жазу