Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Облыстық білім басқармасында «Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәселелері» тақырыбындағы аудандық сараптамалық тобы және білім беру ұйымындағы бракеражды комиссия мүшелеріне арналған семинар жүргізілді.
Бас қосуға білім бөлімдері мамандары мен білім бөлімдерінің сараптама тобы және мектеп бракеражды комиссиясы мен кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібі 3 негізгі тақырып аясында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы балалардың тамақтандыру
мәселелері жөнінде баяндама оқып, мектеп асханаларында санитарлық талаптар қатаң сақтауды және тамақ сапасын бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді.
“Басқарма тарапынан мектептегі асханалардың жағдайы бойынша талдау жүргізіліп, асханасы жоқ және бала саны көп мектептер жағдайы айқындалды. Осыған байланысты, асханасы жоқ және бала саны көп мектептердегі асхана мәселесін шешу үшін алдағы уақытта басқарма тарапынан арнайы Жол картасы әзірленеді” , — дейді басшы орынбасары.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Иманатаева Шарифа Омаралиевна оқушылардың сапалы теңдестірілген тамақтануын ұйымдастыру жөнінде ой қозғады.
Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің бас маманы Еркін Бекжанов мектептегі тамақты ұйымдастыру бойынша бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Айта кетейік, оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету мәселесі басқарманың бақылауында екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Пікір жазу