Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БҰЛ ƏН БҰРЫНҒЫ ƏННЕН ӨЗГЕРЕК

БҰЛ ƏН БҰРЫНҒЫ ƏННЕН ӨЗГЕРЕК

Фото Ақмарал Молдиярқызы.

Бұрын есеп беру кезінде əкімдер шоу жасайтын еді. Бұл жолы елдің бəрі əртіс болып кеткен ба, апалар шу шығарды.

Облыс əкімінің есебін əжептəуір ұйып тыңдап, тіпті кейбіреулер ұйықтап та қалған кез. Өзі есептің ең қызық кезі сұрақ-жауап кезеңінде басталады мен үшін.

1) Бұл жолғы ең қызық жауап 3 милионыншы туылған балаға пəтер беретіні. Бұны естіп бәрі мəз боп қалды. Енді, өзіміз алмасақ та, біреуге бұйрғанын көру қызық қой. Қазір облыста 2017 жыл қортындымен 2 млн 928 мың 279 xалық бар. Өткен жылы 78 810 бала дүниеге келді.

2) Әкім халыққа өтініш айтты. Қайтпастықтар кəріз жүйесін іске қосу туралы арызын жеткізді. «Бұрын «Қайтпас» еді, қазір бәрі бар. Тіпті, кәріз жүйесі тартылды. Енді «Қайтар» деп өзгертуге де болады» деді Ж.Түймебаев әзіл-шыны аралас. Бұл бағыттағы жұмыстардың жоспарлы түрде жалғасып жатқанын айта келе, «Үй болған соң оның күйін келтіру иесіне міндет. Сіздердің өтініштеріңіз қаралады. Сіздерге де бір өтініш: үйлеріңіздің сыртын ретке келтіріп, өздеріңіздің тұрғылықты мекенжайларыңызды көркейтуге үлес қосыңыздар» деді облыс әкімі.

3) Бұл кезде регламент асып кетіп, ел қашан қайтамыз деп, кейбірі тыпыршып есіктің тұтқышына жармасып, жағаласып тұрған кез еді. Бір кезде сұрақ тоқтатылды. Уфф!

ПСИХИАТРИЯ ОРТАЛЫҒЫНА ТҮСТІ…

Дәл осы кезде «өтінішіңізді жазбаша қалдырыңыз немесе түстен кейін осы ғимараттың екінші қабатындағы қабылдауға қалыңыздар» дегенге көнбей ашына айғай салған егде жастағы апамыздың даусы бүкіл залға естілді. Әлгінде қалғып отырған жұрттың түгел ұйқысы ашылды. Апаның жанында тағы 1-2 өзі шамалас үлкендер жүр. Қолдарында сотка. видеоға түсіріп жүр.

Бүкіл журналист жүгіріп барды. Әл-Фараби ауданының тұрғыны екен. Біраз адам не мәселе екенін білгісі келгені рас. Мынадай ащы айғайдан соң менің де білгім келді. 5 минут тартысып тұрған соң апайдың жанына облыс әкімінің өзі барды. Онда да тарқасатын түрлері жоқ. Қарап отырмыз. Бар журналист түсіріп жатыр.
Бір кезде облыс әкімі мінберге шықты. Әлгі дауласып тұрған апай сөз алып, сұрағын қойды.

– Біз, 70 жастағы 20 шақты ардагерді қабылдауыңызды сұраймыз. Біз сіздің қабылдауыңызға кіре алмай жүрміз, – деді.
Облыс әкімі:
– Осы жақында ғана тұрғындарды қабылдадым. Бар мәселе сол болса, сіздерді де қабылдауға дайынмын. Қай уақыт ыңғайлы?
– Біз жиналуымыз керек…
– Ендеше дүйсенбі сағат 9:00-ға келіңіздер. Ешкім сіздерді қайтармайды. Оның үстіне бұның бәрі жазылды.

* * *
Болды ма??? Апамның бүкіл елді тоқтатып қойып 10 минут даулағаны қабылдауға кіру ғана ма? Неге мәселесін айтпады? Қайта осы көпшіліктің алдында шешімін таппай жүрген мәселесін де айтып алмай ма?

Осы ой маза бермей дереу шығып әлгінде жанына барған Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановты іздедім. Таптым. Апамыздың мәселесімен таныстым. Бірқатар құжаттар негізінде.

Н.Смирнова ханымның көше бойына салынған гаражына байланысты сот бұзуға шешім шығарыпты. 2016 жылы шыққан сот шешімінің орындалуына күні бүгінге дейін қарсылық білдіріп келеді екен. Тәк?! Енді? Кім кінәлі?

Адамдар өз айыбын білмейді. Бірақ, сонша елді сыйламай шыңғырып, шу шығарады. Қызық. Мен ойлаппын, үйіне газ бермей қойып, немересі жаурап қалды ма деп…

Сол уопшым. Енді сол шыңғырған сәттен біраз хит ақпараттар толқыны тарайтын шығар. Көрейікші, қалай зерттеп береді екен…

Ақмарал Молдиярқызы

Пікір жазу