Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қамкөңіл жандарды бір қуантты

Қамкөңіл жандарды бір қуантты

Халықаралық қарттар мен мүгедектер күні қарсаңында Төлеби ауданында жыл сайын сауабы мол бір іс-шара ұйымдастыру әдетке айналған. Мәселен, алғашқы мерекеде аудандағы жалғызілікті қарияларға арнап дастарқан жайылса, екінші мерекеге орай Шымкент қаласындағы «Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төлебиліктер жерлестерін іздеп барды. Өздерімен бірге тәтті тоқаштар мен дәруменге бай жемістерден, тәттілерден қоржын жасап сыйға тартты. Бұл мекемеде төлебилік мүгедектігі бар 25 азамат қызмет алады.
Игі бастамаға демеушілік жасаған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай мырзаға осы азаматтардың және бөлімнің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Пікір жазу