Өзгелерден ерекше болып туылған Алшер Гулсапар Сатбайқызы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Гулсапар || топ мүгедегі, тағдырдың ауыр сынына мойымай «Бастау бизнес» жобасынан мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алған. 2023 жылдың басында жұмыссыз ретінде тіркеліп, оқып сертификат алған. Ағымдағы жылдың 1 легінде комиссия отырысында «Балаларға арналған бояғыш шығармашылық тауарлар» атты жобасын ұсынып, жеңіске жетіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер бір адамды жұмыспен қамтуда.
«Үлкен жетістікке адам адал жұмыс істеп, жүз пайыз еңбектенген кезде ғана қол жеткізеді. Ең бастысы өз ісіңе деген сүйіспеншілік. Менің мақсатым — кәсібімді әрі қарай дамыту, еліме, халқыма өз пайдамды тигізу,»-дейді кейіпкеріміз.
Алшер Гулсапар мемлекет басшысының осындай бағдарламар ұйымдастырғанына және «Мансап» орталығының қызметкерлеріне бағыт-бағдар бергені үшін алғыс білдіруде.