Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » «Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы әлеуметтік әлсіз топтың жағдайын жақсартуда

«Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы әлеуметтік әлсіз топтың жағдайын жақсартуда

Төле би ауданы Киелі тас елді мекенінің тұрғыны Болысова Шырынкүл «Әлеуметтік жұмыс орны» жобасының қатысушысы. Бұл жобаға әдеттегідей жұмыссыздар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, әлеуметтік жұмыс орындарын орналастырылған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар қатыса алады. Шырынкүл ханым ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестік «KAZРLAST» тігін шеберханасында жұмыс жасайды. Кейіпкеріміздің өзімен тілдескенімізде жұмысы өзіне ұнайтынын және ыңғайлы екенін айтып, жалақысын уақытылы алатынын алға тартты. Айта кетуіміз керек, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып жалақы мөлшерінің 35%-ын құрауы қажет.
Толық ақпарат алу үшін сіздерді Ленгер қаласы Төлеби көшесі 364/1 ғимаратында күтеміз.
Байланыс номері: 6 30 95

Пікір жазу