Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Жұмыс беруші Мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Яғни еңбекақыны субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастырады.
Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.
Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат
беріледі.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттаған кезде олардың денсаулығы, жас ерекшеліктері, кәсіби және басқа жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Толық ақпарат алу үшін біздің орталыққа келіңіз.

Пікір жазу