Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: ЛЕНГЕР ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБАЛАР АУҚЫМДЫ

ТӨЛЕБИ: ЛЕНГЕР ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБАЛАР АУҚЫМДЫ

Төлеби ауданы әкімі қызметіне кіріскен уақыттан бастап Төлеген Телғараев өңірдің 12 ауылдық округ, 1 қалаға қарасты 55 елді мекенді аралап, ел жағдайымен етене танысып, еңбек етіп келеді. Аймақтағы 500 ден астам көшелердің жай-күйіне көңіл бөліп, халықтың арыз-шағымын, өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолында аудандық мәслихатпен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқарылды.
Аудан басшысы жұмыс уақытының басым бөлігін бұқарамен кездесуге, ашық-жарқын пікір алмасуға, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнап келеді. Сөзіміздің дәлелі, Мемлекет басшысының Жарлығына сай, аудан әкімінің халықпен кездесулері әр тоқсан сайын округ аумағындағы әр елді мекенде ұйымдастырылды.
Бүгін, төртінші тоқсанның соңғы он үшінші кездесуі Ленгір қаласында өтті. Аудан орталығындағы басқосуда аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айдағы көрсеткіші мен қала бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Қаланың ішкі көшелерінің ұзындығы 101,1 шақырымды құраса, оның жарамдылығы 98,5%. Биылғы жылы Кенші, Оқжетпес, А.Төлтебаев, Көкжиек, Ж.Арзымбетов, Төлеби, А. Меделханов көшелері орта жөндеуден өтті. Алдағы болатын бюджетті нақтылауға Таңжарық, Үміт, Қ.Ешенқұл, А.Байтұрсынов, Жамбыл, Сейфулин Ақжол және 1 мөлтек ауданының ішкі көшелерін жөндеуден өткізуге қаржы қарауға ұсынылады. Қала аумағына 11 дана жол кедергілері, Төлеби және Қапал батыр көшесі Қапал батыр-Достық елді мекенінің қиылысына бағдаршам қойылды. «Жарық Жол» мекемесі тарапынан Ленгір қаласындағы тозығы жеткен жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, жол кедергілерін түгендеу жұмыстары жасалды. «Ленгір су» тарапынан қаладағы су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізіп, су құдықтарды реттеу, сынған қақпақтарын ауыстыру мен бұрандаларына жөндеу жүргізіліп, №2 ұңғымаға су сорғы алынып, іске қосылуда.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үй пәтерлері иелерін мазалаған кәріз жүйесіне қатысты мәселе шешімін табуда. Ленгір қаласындағы №3-ші кәріз талазалау имаратының құрылысы жүргізілуде, нысан құрылысы күрделілігіне қарай 2024 жылға өтпелі. Нысаның қуаттылығы 3 500 м3 кәріз суын өңдеуге арналған. Бүгінге КНС-1-ден КОС3-ке қарай 3,8 ш.қ траншея қазылып диамерті 280мм напорлы құбыр тартылып, көмілді. Нысан басына 2,9 ш.қ құбыр жеткізіліп, пайкалау жұмыстары атқарылуда. №3 кәріз тазалау имараты орнатылатын жер бедері тегістеліп, биопруд орналасын жердің орны дайындалып, бетондау жұмыстары атқарылуда. Жер телімі бетонды плиткалармен қоршалуда. Нысан басында 1 экскаватор, 1 погрузчик, 2 камаз және 25 жұмысшы жұмыс атқаруда. А. Байтұрсынов көшесіндегі №25 Б көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қарау бюджеттік нақтылауға ұсынылды.
Күмістөбе, Кенші көшелері мен Север мөлтек ауданында газ құбырының құрылыс аяқталып, іске қосылды. «Алатау» мөлтек ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» м/а 9720 жуық халық, 63 жоспарланған көп қабатты үйлер, 3100 жеке тұрғын үйлер, 95 әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады.
Ленгір қаласы 26,1 шқ түнгі жарықпен, 20,1 шқ аяқ жолмен қамтылған. 2023 жылдың ақпан айында «Жарық жол» мекемесі тарапынан Ленгір қаласы, Кенші көшесіне (темір жолдың бойына) түнгі жарық шамдар орнатылды.
Еркін, сұрақ-жауап форматындағы кездесу барысында аудан әкімі қала тұрғындарын өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесулер ашық пікір алаңына айналды. Басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады деп сеніммен айтамыз.

Пікір жазу