Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ ЖҮЗУ ҮЙІРМЕСІ 2023 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ ЖҮЗУ ҮЙІРМЕСІ 2023 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласының №2 Оқушылар сарайындағы жүзу үйірмесі 2023 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда заман талабынай сай іске қосылған 2 бассейн бар.
Мектеп қабырғасында білім алып жүрген 6-17 жас аралығындағы қатысушылар аптасына 3 күн 1 сағаттан жаттығады.
Жалпы 870 оқушы және 100-ге жуық ерекше білімді қажет ететін балалар шынығуда. Қазіргі таңда топтар толық жасақталған.
Ескере кететін жайт: бассейн жұмысының талаптарына сәйкес, қауіпсіздік және санитарлық ережелерінің дұрыс сақталуы үшін белгіленген уақытта, алдын-ала топтарға бөлінген жаттықтырушылар бассейн залына кезекпен кіреді.
Жүзу бассейнінде қатысушы санының көптігі жаттығу барысында қиындық туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайда түрлі дене жарақатын алып қалу ықтималдығы да жоғары. Сондықтан бассейн жаттықтырушылары арнайы ережелерді сақтайды.
© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу