Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 29600 ДАНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

29600 ДАНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды.
“Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды.
Возможно, это изображение 3 человека и дерево
«Таза өлке” тақырыбында тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау, көшеттер егу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан аумағында наурыз айынан бастап Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» КММ –нен алынған 29600 дана көшет егілді.
Айта кетерлігі, аудан аумағында абаттандыру қағидалары мен инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру фактілері орын алған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарына сәйкес шаралар қолданылып, айыппұл төлетіледі.
© Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу