Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы С.Рақымов, Жігерген және Қақпақ ауыл округтеріне арнайы барып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан мәдени және спорттық үйірмелер ашу, ауыз су, жер мәселесі, көше жарықтары мен электр бағаналарын ауыстыру, денсаулыө сақтау және білім беру саласындағы бірқатар мәселелер төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар бойынша жол картасы әзірленетінін айтып, мекеме, ұйым басшыларына заң аясында шешуге тапсырмалар берді.
© Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу