Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДИАЛОГ ОРНАТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДИАЛОГ ОРНАТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті кездесуі Тегісшіл ауылдық округінде өтті.
Осыған дейінгі кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы, 2023 жылы атқарылған шаруалар туралы халық алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде көтерілген 27 мәселенің 11 мәселе шешілді, 12 шешілу үстінде 4 кезең-кезеңімен шешімін табу жоспарлануда. Біздің басты мақсатымыз – халықтың табысын арттыру, қордаланған мәселелерін шешу, әрбір елді мекенін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау», -деді аудан басшысы.
Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
Кездесуде тұрғындар тарапынан жол жөндеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, каналды механикалық тазалаудан өткізу, спорт кешенін және жаңа көпір салу, жер және жеке мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Пікір жазу