Түркістан облысы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кенелерге қарсы жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған.
Энзоотиялық іс-шараларды атқаруға 1878 маман жұмылдырылды. Іс-шараны атқаруға қажетті 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі, 19 дана мотопомпа жұмылдырылып отыр. Осы орайда Ветеринариялық Қызмет Түркістан Облысы мекемесінің басшысы Бақытжан Бегманов кенелерге қарсы көктемгі өңдеу шараларының барысымен танысу үшін Төлеби ауданына арнайы келіп аудандық филиал мамандардың жұмысымен танысты.
Облыс бойынша дизенфектор мамандар 140 дана ранцтік аппарат, 3000 дана арнайы киім, 11 268 респиратор, 3756 дана қорғаныс көзілдірік, 3756 дана қолғап, 1878 дана етікпен қамтамасыз етілді.
© Didarbek.kz