Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №399 Жарлығын іске асыру аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың биылғы жылы алғашқы кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Бірінші Мамыр мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында аудан әкімі ауылдық округ халқын Ораза айтымен құттықтап, халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы түсінік берді. Аудан әкімдігі тарапынан 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылы жүзеге асатын жобалармен таныстырды.
Возможно, это изображение 2 человека
Кездесу барысында ауылдық округ халқы көтерген проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Пікір жазу