Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАТЫН КӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАТЫН КӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі Бухарбай Пармановтың тұрғындармен тұрақты кездесу Қатынкөпір шағын ауданында өтті.
Кездесу барысында Қатынкөпір шағын ауданында биыл атқарылатын жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Ағымдағы жылы шағын ауданда 7 көшеге асфальт төсеу, 14 көшеге жарықшам орнату және 5 көшеге ирригациялық жүйелер орнатылатын болады. Атап айтқанда:
Асфальт төселетін көшелер: Юсупов, Қасқабаев, Қабылбеков, Үржар, Ақбақай, Әзірбаев, Низами тұйығы және Сәтпаев тұйығы.
Жарықтандарылатын көшелер: Е.Молдабаев, Бабыр, Сәтпаев, Хантәңірі, М.Әуезов, Ф.Құралбаев, Жасгвардия, А.Яссауи, С.Рахимов, А.Сейданов, С.Ерубаев, Дауылов, Ғ.Ғұлам, ПМК-21.
Ирригациялық арықтар орнатылатын көшелер: Е.Спатаев, Қ.Айтымбетұлы, Тоқтаров, Ы.Алтынсарин, К.Алимбетов.
Возможно, это изображение 4 человека
Сонымен қатар, Хан тәңірі көшесіне «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 1 балалар алаңшасы салынатын болады.

Пікір жазу