Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда алдымен биылғы жылы аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауылдық округтегі бірқатар мәселелерді де қамтып өтті.
— Бүгін қасиетті ораза айтының алғашқы күнінде сіздермен кездесіп отырмыз. Алдарыңызға келіп, кездесудегі мақсатымыз өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Өткен жылы бірқатар түйткілді мәселелердің түйіні шешіліп, Созақ ауылдық округі үшін табысты жыл болды. Биылғы жылы әкімшілік ғимаратының құрылысын бастап, жалпы ұзындығы 6,4 шақырыды құрайтын Абдраманов, Абай және Алибаев көшелеріне көше жарықшамдары орнатылады. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының құрылысы толық аяқталады. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтуға қатысты тиісті жұмыстар жасалуда. Қосымша ұсыныстарыңыз болса тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргіземіз,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Жиында бірқатар тұрғындар сауалдарын жолдаса, бірқатары жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсатымыз мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс жасалатынын айтты. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу