Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Аудан шекарасында орналасқан Киелітас ауылдық округінің құрамында 4 елді мекен бар. Халқының басым бөлігі ауыл шаруашылық саласын жетік меңгерген округте кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы Әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Аудан әкімі сауданы кәсіп етіп, төрт түлікті өсіріп, баптап, таңнан кешке дейін бау-бақша егіп күнелтетін еңбекқор халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуде аудан басшысы Төлеген Телғараев жиналғандарды ең алдымен мұсылман халқының қасиетті мейрамы — Ораза айтпен құттықтады. Кейіннен ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуының 2023 жылғы қорытындысымен, 2024 жылы жүзеге асатын жобаларымен таныстырды.
Возможно, это изображение 8 человек
Жиында округ халқы өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы сала мамандарымен кеңесе отырып, жауап берді.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу