Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске қатысты.
Президент кеңесте отандық ғылымды дамытудың бес бағыты бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Оның бірі – ғылымның әлеуетін табиғи және техногенді апаттарды болжау, климаттық өзгерістер салдарымен күрес мақсатында пайдалану болса, екіншісі – ғылымның экономикалық сатылап дамуына тигізер оң ықпалын арттыру. Тағы бір бағыт – жасанды интеллектіні дамыту болса, төртінші бағыт – университет ғылымын дамыту және ғылыми инфрақұрылым саласындағы қордаланған мәселелерді шешу. Бесінші бағыт – ғылымды дамыту үшін ғылыми кадрлар әлеуетін көтеру.
Елімізде қазіргі күні ғылымның дамуына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, барынша жақсы жағдайлар жасалуда. Мысалға, ғылымды дамыту, ғылым қызметкерлерін қолдау мақсатында тәуелсіздік жылдарында арнайы заңнамалық өзгерістер енгізілді. Әрине, мұның бәрі ғылымды дамытуға арналған нақты шаралар болып табылады.
Бүгінгі таңда Президенттің айтуынша ғылым ел мен қоғам игілігіне, яғни қолданбалы мақсатқа жұмыс істеуі керек. Соңғы кезде жиілеп кеткен климаттық өзгерістердің салдарынан туындаған түрлі апаттардың алдын алу үшін оларды болжау жүйесін жолға қою қажет. Бұл үшін сапалы ғылыми қорытынды және оны жасайтын білікті кадрлар керек дегенді айтты.
Осылай деген Президент елімізде соңғы 80 жылда болмаған алапат су тасқынының себеп-салдарына арнайы тоқталды. «Оның түп себебін жаһандық климаттан іздеу керек, себебі соңғы жылдары барлық елдерде табиғи апаттар жиілеп кетті. Мысалы, 1980-1985 жылдары әлемде 1700-ге жуық табиғи апат болған, ал 2010-2015 жылдары олардың саны 3700-ден асқан, яғни аз уақыттың ішінде табиғи апат саны екі есе артты. Олардың жартысына жуығы – суға қатысты апаттар. Ендеше, табиғи апаттарды алдын ала болжап, климаттық өзгеріс салдарын азайтуға ұмтылу – ғылым алдында тұрған маңызды міндет- деп, атап өтті.
Осыған орай, мемлекет басшысы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта құру, Сейсмология институтының ғылыми әлеуетін арттыру, Алматыдағы Аймақтық гляциологиялық орталықтың әлеуетін барынша пайдалануға байланысты Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу