Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы Отырар ауданында қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында Шәуілдір ауыл округіндегі Жібек жолы даңғылының бойы, Ұ.Арғынбеков, Д.Алтынбеков, М.Әуезов көшелерінің бойындағы күл-қоқыстар тазартылып, арамшөптер оталып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Арыстанбаб, Отырар төбе аумақтары қоқыстардан тазартылып, шөп ору, әрлеу жұмыстары атқарылды.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары мен бөлімдер мен мекеме қызметкерлері атсалысты. Аудан орталығы мен ауылдарды абаттандыру, «Таза өлке» апталығында ауыл тазалығын қалыптастыру мақсатындағы сенбілік жұмыстарына 13 ауылдық округтің 1290 адам қатысып, 14 арнайы техникалар тартылды. Аудан көлемінде жалпы 20 тонна күл-қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.
© Didarbek.kz