Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 18 633 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 18 633 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Қазығұрт ауданында жалпы саны 18 633 көшет отырғызылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда үйеңкі, шаған, қарағаш, тұя, катальпа, можжевельник, айлант ағаштары егіліп, көше бойы мен аллеяларда орналасқан көшеттерді ақтау мен қоршау жұмыстары жүргізілді.
«Таза өлке» апталығы аясында жасалған бұл жұмыстар ауданның табиғатын жақсартуға, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлесін қосады деген сеніміміз мол.
© Didarbek.kz

Пікір жазу