
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 7 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, сағат 15:30 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан ұлы күн қарайғанша келмеген. Жақындары бірнеше сағат өздері іздеп таба алмаған соң, полициядан көмек сұраған, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі
Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.