Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ ЖОҒАРҒЫ АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖОҒАРҒЫ АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарқырама Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 2023 жылғы қорытындысы мен 2024 жылғы жоспарын таныстырды.
Қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруға арналған кездесуде округ халқын өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Возможно, это изображение 7 человек
Бір сағатқа созылған жиын барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы округ халқы ашық-жарқын пікір алмасып, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнады.
Еркін, сұрақ – жауап форматындағы кездесуде көтерілген мәселелердің шешу жолдарын бірге талқыланып, аудан басшысы оның орындалу мерзімін көрсете отырып, сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Возможно, это изображение 5 человек
Төлеген Тұртайұлы кездесу барысында округ халқын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының міндеті экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту екенін айтып оны қолдауға шақырды. Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, ағаш егіп, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді.

© Didarbek.kz

Пікір жазу