Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов бекітілген кестеге сәйкес Жаскешу ауылдық округінің халқы алдында есептік кездесуін өткізді, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқосуда аудан басшысы ең алдымен істелген жұмыстарды саралап, содан соң тұрғындармен бірге өтініштер негізінде алдағы атқарылатын жұмыстар барысын талқылады.
Жиында жаскешуліктер тарапынан ауыз су, жол, электр жарығы, білім саласы мен жайылымға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Нұржан Жақсылықұлы әр мәселенің шешу жолын сол жерде жауаптылармен талдап, оның шешу жолдарымен бөлісті.
Бірінші кезекте жаңа құрылыс көшесіндегі үйлерге ауыз су мен электр желісін жеткізу мәселесіне басымдық берілетінің жеткізді.
Кездесуді қорытындалай келе аудан әкімі су басқан өңірлердегі ағайындарға қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысын білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға шақырды.
Айта кетерлік, бүгінде түлкібастықтар тарапынан су басқан өңірлерге 50 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жолданған. Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Округ аумағында биыл атқарылатын жұмыстар:
Көп жылдан бергі шешімін таппай келген С.Сейфулин мектебінің сыртын ағымдағы жөндеуден өткізу және Жаскешу ауылы, Гагарин, Амангелді және Абай көшелерін жарықтандыру жұмыстарына қаржыл бөлініп, атқарылатын болады.
© Didarbek.kz