Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Тұран ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Тұран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған сәйкес, бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалмырзаев Бақберді Әмзеұлының төрағалығымен жиналыс өтті.
Жиын барысында Бақберді Әмзеұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты айтып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама талаптарының қатаң сақталуы, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша айрықша тоқталып өтті.
Бұдан бөлек, қызметкерлердің орындаушылық тәртібі бойынша да талқыланды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу