Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының “Киелі мекен” апталығы аясындағы тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда Қоғам ауыл округіндегі Әмір Темір ескерткіші маңында және ауданымыздың басты көшесі “Жібек-жолы” даңғылының бойы мен орталық саябақта аудан тұрғындарының белсене қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық шара барысында көше бойларына әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, қоқыс қалдықтары шығарылды.
Сондай-ақ туризмді дамыту әлеуеті жоғары “Арыстанбаб” кесенесінің маңындағы саябақ қоршаулары жаңартылып, кейбір бөліктері қайта қалпына келтірілді.

Жалпы Отырар ауданындағы тарихи орындарға 2023 жылы 215 мың турист келсе, 2024 жылдың 3 айында 50 мыңға жуық адам қызығушылық танытқан. Аймақта туризм кластерін дамыту бағытындағы мақсатты жұмыстар қолға алынып, тарихи орындарды зерттеу жұмыстары жалғасып келеді.
© Didarbek.kz