Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандағы санитарлық тазалық жұмыстары бойынша жиын өтті. Жиында жауапты басшылардың баяндамасы тыңдалып, оларға тиісті тапсырмалар міндеттелді, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Күн тәртібінде, бірінші кезекте, экоакция аясында атқаралып жатқан жұмыстар мен жоспарлар қаралды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығы аяқталып, «Киелі мекен» апталығы басталды. Аталған акция барысын бақылап, қадағалап отырмыз. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан тазалық жұмыстары тек науқан шеңберінде емес, жыл он екі ай бойы жүргізілуі керек.
Екіншіден, тек мекеме қызметкерлері емес, тұрғындардың өзі де атсалысып, тазалықты дағдыға айналдырғандары жөн. Тазалық және абаттандыру жұмыстары бір жүйеге қойылып, тұрақты жалғастыруды қолға алу қажет,-деді аудан басшысы.
© Didarbek.kz