Құмкент ауылдық округінде «Киелі мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартуға жұмыла кірісті, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық акциясына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тарихи-мәдени ескерткіштің ауласына жүргізілген тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, осындай маңызды шаралардың тұрақты түрде ұйымдастырылуын қоғам болып қолға алу керектігін айтып өтті. Сондай-ақ жиналған тұрғындар өз алғысын білдіріп, ауыл қарияларымен бірге кесене ауласына жеміс көшеттерін отырғызды.
Акцияға жиналған тұрғындар қоршаулар мен онда келуші қонақтарға арналған аяқ жолдарды және жарық шамдар мен арнайы орындықтарды қалыпқа келтірді. Сонымен қатар, кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы арам шөптер мен қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға 100-ден астам белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.
© Didarbek.kz