Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Gauhar Nurmahankyzy-ның фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Қабылдауға 2 тұрғын жер мәселесіне қатысты өтініштерімен келді. Азаматтарға заңдылығы түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді. 1 азамат тұрғылықты көшесін абаттандыру жөнінде ұсыныстарын білдірді. Қала әкімі айтылған мекенжайды арнайы барып көретінін, мүмкіндіктерді саралап ұсыныстың даму жоспарына енгізілетінін жеткізді.
Тұрғын үй кезектілігі бойынша сұрағы бар азаматшаға баспананың орталықтандырылған кезек тізіміне сәйкес үлестірілетінін түсіндірді.
Осы ретте, кезексіз үй алып беремін деушілер кездескен жағдайда құқық қорғау мекемелеріне шағым түсіру қажеттігін назарларыңызға саламыз. Себебі орталық жүйедегі кезектілік тізіміне адам ықпал ете алмайды. Алаяқтарға алданудан сақ болыңыздар.
© Didarbek.kz