Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУДІ ТАЛАПТАРҒА САЙ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУДІ ТАЛАПТАРҒА САЙ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде халық денсаулығын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жергілікті тұрғындарды медициналық ұйымдарға тіркеу, инфекциялық ауруларды алдын алу мен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарын баяндады. Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б. Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді.

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы аясында, бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес, тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау мақсатында жүргізіледі. Емханаға қалай тіркелуге болады? Ол үшін, тұратын мекен-жайға ең жақын орналасқан емханаға келіп еркін түрде жазылған өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Сонымен қатар науқаста ЭЦҚ болған жағдайда емханаға электрондық үкімет порталында (www.e.gov.kz) тіркелуге болады. Ол үшін «денсаулық сақтау» бөлімінде «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»қызметін таңдау қажет. Барлық өрістер толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлық манипуляциялар дұрыс жасалса, өтініш берушіге медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған тіркеу туралы хабарлама келеді. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады. Сондай-ақ тіркелу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі.

 

Пікір жазу