Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНА 500-ге ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНА 500-ге ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық іс-шарасы Еңбекші ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов гүлзарында жалғасты. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, «Группа Интеко» мекемесі, қала тұрғындары атсалысты. Тазалық акциясы аясында гүлзар аумағы, оның айналасындағы ескерткіштер, аялдамалар көшелер мен өткелдер күл-қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстары атқарылды.
– Айнала көгеріп жатқанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған іс өте орынды. Шараға біздің аудан да белсене атсалысып, өзіміздің аудан бойынша әрбір аймақ жоспармен тазартылып жатыр. Әрбір елін-жерін сүйетін ұлтжанды азамат қоршаған ортаға деген қамқорлығын осы тазалық акциясына атсалысу арқылы көрсете алады. Елімізде осындай пайдалы, игі шаралар артқаны тазалықты ғана емес, қаламызға деген сүйіспеншілікті де дәріптейді, – деді Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы.
Бүгінгі шараға жалпы 500- ге жуық адам атсалысып, аталған аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аялдамалар тазаланып, жол белгілері жаңартылып жатыр.

Гүлдала, Исрайлов, Сыздықов көшелерінде шұңқырлар жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Темірлан тас жолы бойындағы су ағарлар тазартылып, темір қоршаулар қалпына келтіріледі. Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысына қосымша жолақ қосылып, Бәйдібек би Зообақ тұсындағы аяқжолдар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар Сәтпаев, Жастар, Жеңіс көшелері асфальттеліп, Орынбай ақын, Қалдаяқов көшелері бойына жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал жөндеуді қажет ететін жол белгілері мен бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Пікір жазу