Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ​ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

​ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени кешендер, ескерткіштер тазартылды. Аудан әкімдігі мен қоғам белсенділері игі шараға белсене кірісті. #TazaShym жалпықалалық тазалық шарасына қатысушылар — Әл-Фараби ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Эталон» ЖШС мердігер мекемесі қызметкерлері Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасын қоқыстардан тазартып, ескерткішті жуып тазалады. Одан кейін аудан тазалықшылары Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылының қиылысында орналасқан Д. Қонаев ескерткішін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы тазылық жұмыстары мұнан кейін «Цитадель» этно кешенінде жалғаспақ. Ол аумақтағы іс-шараға мектеп оқушылары да атсалысады. Тазалық акциясына қатысушылар қаламыздағы туристік аймақтарды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес, барша азаматтардың міндеті деп білеміз дейді. Аудан белсенділері қала жастарын тазалық акциясына белсене қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен басталған тазалық акциясының екінші аптасы.Жоспар бойынша акция «Киелі мекен» деп аталып, әр ауданданның тарихихи мәдени кешендерінде іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, бүгін #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасының екінші аптасы мегаполисте ауқымды істермен жалғасты. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аталып, қаламыздың әулиелі жерлерін тазалаудан басталды. Абай ауданы әкімдігі тазалық жұмыстарын Шымкенттің кіре берісіндегі Темірші әулие кесенесінен бастады. – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бүкіл халық болып қолдаймыз. Игі шараның аясында қаламыз көркейіп, қоршаған ортамыз тазаланып қалды. Ең бастысы жастарымыз бұл істен үлгі алып, тазалыққа белсене кірісуде, — дейді қоғам белсендісі, зейнеткер Орынша Тәжібаева. Абай ауданы әкімдігі акция аясында Темірші әулие кесенесінің аумағын, «Алтын төбе» мешітінің айналасын, Бадам станциясына дейінгі көше бойын тазалап, 1000-ға жуық тал-дарақтарды әктеп, шөптерді орып, ретке келтірді. Жол бойындағы аялдамалар тазаланып, орындықтар сырланды. Тазалық жұмыстарына 500-ге жуық мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері, жастар атсалысты. Сондай-ақ, іс-шарада 10-ға жуық техника жұмылдырылып, «KazStroi» ЖШС мекемесі, «СуШар» мекемесінің 300- ге жуық қызметкері жұмыс істеді.

Пікір жазу