1984 жылдың 18 сәуір күнінен бастап, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні жыл сайын сайын атап өтіліп келеді. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген болатын.
Бұл күннің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Негізінен ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Сондықтан, басты міндеттердің бірі – барша қоғам болып Ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа аманат ету болып табылады.
Елімізде жаппай өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы тазаланып, абаттандырылуда.
Бұл апталықтың бір ерекшелігі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи-орындарды қорғау күніне сәйкес келуінде. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған мәдени мұраларды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге, ұлтжандыққа тәрбиелеу мақсатында «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қызметкерлері мектеп оқушыларының қатысуымен «Ескерткіштер – ел тарихы» атты экскурсиялық тур ұйымдастырылды.
Турға қатысушылар Сайрам тұрғын алабында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген Қызыр мұнарасына XII ғ. және Сайрам музейінде болды. Сонымен қатар, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде тақырыптық көрме жасақталып, танымдық лекцияға қатысты.
Турға қатысушылар « Ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз. Тарихи ескерткіштерді зерделеу сол арқылы өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі — өнеге алу қазіргі ұрпақтың бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады», — дейді.