Шымкент қаласы полиция департаменті қала тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды! – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның міндеті — қоғам тыныштығын күзету болса, сол қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілінің құқығын қорғау. Бірлігі мен татулығы жарасқан елімізде барлық ұлт өкілдерінің дәстүрін сыйлауға, тілін құрметтеуге міндеттеледі.
Осы орайда Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген отырысында Шымкент қаласы Ассамблеясының өзбек этно мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Умаров Шакир Давренбекович өз сөзінде барша Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күнімен құттықтай отырып, 130 дан астам ұлт өкілінің елімізде тату өмір сүріп келе жатқаның сөзге тиек етті.
Сонымен қатар, Қазақстан халқын ұлт араздық қақтығыстарға, арандатушыларға ерместен татулық пен бірлікке шақырды. Ал полиция қызметкерлеріне татулық, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерен еңбектері үшін өз алғысын білдірді!
© Didarbek.kz