Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» науқаны Төлеби ауданында көпшіліктің қолдауына ие болып, үш апта бойы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аудан жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері көше бойларын, мекеме аулаларын ғана емес, көмекке мұқтаж азаматтарға қолғабыс етуде. «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысына ауданның 1 қала, 12 ауылдық округ халқы жұмылдырылып, жалғызілікты қарттардың ауласын тазалауға көмек беруде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осындай игі іс Бірінші Мамыр және Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде жалғасын тапты. Еріктілер мен жастардан құрылған топ қарттардың бау-бақшаларын реттеп, үйлерінің қасбеттерін әктеп, қоршауларын сырлауда. Ағаштарын бұтап, тал-шыбықтар отырғызып, гүлдер егуде. Ауласын күл-қоқыстан арылтуда. Жол бойындағы ағаштарын әктеп, бей-берекетсіз өскен жабайы тікен шөптерін шабу жұмыстарын жүргізуде.
© Didarbek.kz