Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығы Қазығұрт ауданында қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қақпақ ауыл округінің ерікті жастары осы экоапталық аясында Ұлы Отан соғысының ардагері қатарына теңестірілген тыл ардагері Ағабеков Бисебай атаның үйіне арнайы барып, арық-атыздарын тазалау, ағаштарының түбін қопсыту және ақтау, аула жайын қоқыстан тазарту секілді үй шаруаларында көмектесті.
Ардагер ақсақал барша жастарға ризашылығын білдіріп, ел амандығы үшін бата берді.
© Didarbek.kz