«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Фараб» кітапханасының ұжымы Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданының тұрғыны Керімбаева Гүлсім апаның үйінде тазалық, сырлау-әктеу жұмыстарын атқарды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кітапханашылар Гүлсім апаға арнайы бір реттік материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен, химиялық тауарлармен қамтамасыз етті. Түркістандық 67 жастағы Гүлсім апа өз кезегінде кітапханашыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Мекеме директоры Жанат Сәдібекқызы алдағы уақытта Гүлсім апаға кітапхана тарапынан жүйелі түрде көмек көрсетіліп тұратындығын жеткізді. Ұйымшылдығы жарасқан «Фараб» кітапханасының ұжымы бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мұқтаж жанға көмек көрсетуге арнады.
© Didarbek.kz