Aудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық орталық ауруханаға арнайы барып, аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысын аралап,танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, ғимараттың ішкі аумағында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған, аурухананың ауласына жөндеу және қосымша науқастарды күтуге арналған залдың құрылысы жүргізілуде.
Жөндеу барысымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне нысанды уақытынан кешіктірмей бітіруді , орталық аурухананың бас дәрігеріне жұмыс барысын бақылау қажет екенін атап өтті.
© Didarbek.kz