Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

⚜️Үлкенге құрмет көрсету – қазақ қоғамында ежелден бар дәстүр. Мамыр айындағы ең қастерлі мерекелердің бірі – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагер аға буынға қадір-құрметімізді көрсетіп, Отан үшін от кешкендердің ерлігі мен қаһармандығы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Жасы үлкендер мен жасы кішілер арасындағы өзара ізет пен сыйластықты арттыратын дәстүрді «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасымен табысты іске асырып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Гани Раймбековтің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
Игілікті істің ізімен, Түркістан облыстық мәслихат депутаты ретінде өзім, «AMANAT» партиясының өңірлік филиалының төрағасы, Алтынсары Дүйсенбекұлы және аудандық филиал төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы Бадам ауылына арнайы барып, І дәрежелі «Отан соғысы» орденінің кавалері, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің иегері Мұратов Қалмен атамызды Жеңістің 79-шы жылдығымен құттықтады.
⚜️Қалмен ақсақал 1942 жылдан бастап Мәскеу түбіндегі Калинин облысын, Беларусь жеріндегі Витебск өңірін жаудан қорғау шайқастарына қатысып, ерліктің озық үлгісін көрсетті. Соғыс майданында ауыр жарақат алса да, Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеуден тайсалмады. Соғыстан кейінгі жылдары Қалмен атамыз туған жері – Бөржар аймағындағы ұжымшарда бригадир болып еңбек етіп, еліміздің ауыл шаруашылығын тіктеуге үлесін қосты. Көп жылдар бойы темір жол саласында қызмет атқарып, өңірдің транспорттық әлеуетін кеңейтуге білек сыбана кірісті.
«Ер дәулеті – еңбек» дейтін даналықты бойына жиған ер жүректі атамыз дара еңбеккерлік қасиетімен де елге сыйлы болды. Қалмен ата әр жылдары «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бес жылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» мәртебелі атақтарына ие болды. Еңбегі көптің, өнбегі көп болатынын қажыр-қайратымен дәлелдеген Қалмен ақсақал «Құрмет белгісімен» наградталып , «Еңбек ардагері» сыйлы атағына ие болды.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
⚜️100 жасқа жеткен Қалмен қарияға зор денсаулық тіледім, тұтас өңірдің алтын қазынасы болып елдің қадір-құрметіне бөлене беріңіз.
Даңқты ақсақал ақ батасын беріп, еліміздің амандығын, береке-бірлігіміздің бекем болуын тіледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу